Рұқсат етілмеген тағамдар тізімі
-
Тәрбиелеу және білім беру объектілерінің қоғамдық тамақтану ұйымдарында мыналарды:
-
қатық, сүзбе, айранды;
-
туралған ет қосылған құймақтарды;
-
флотша макаронды;
-
зельцтер, форшмактар, сілікпелер, паштеттерді;
-
кремі бар кондитерлік өнімдерді;
-
тұтыну қаптамасындағы кондитерлік өнімдер мен тәттілерді (шоколад, кәмпит, печенье);
-
морстар, квастарды;
-
фритюрде қуырылған өнімдерді;
-
шала пісірілген жұмыртқа, қуырылған жұмыртқаны;
-
күрделі (4 компоненттен артық) салаттарды; қаймақ пен майонез қосылған салаттарды;
-
окрошканы;
-
саңырауқұлақтарды;
-
өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде дайындалған) тамақ өнімдерін;
-
тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды;
-
газдалған, емдік және емдік-асханалық минералдық суды, тәтті алкогольсіз сусындарды, алкогольсіз энергетикалық (сергітетін) сусындарды, диффузиялық қойылтылған шырындарды (қаптамаланған минералды және ауыз суды қоспағанда);
-
фаст-фудтар: гамбургерлер, ход-догтар, чипсілер, кептірілген нан, қытырлақ нанды;
-
ащы тұздықтар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштерді (бұрыш, ақшелкек, қыша) дайындауға және өткізуге;
-
мыналарды:
-
пастерленбеген сүтті, термиялық өңделмеген сүзбені және қаймақты;
-
суда жүзетін құстың жұмыртқасы мен етін;
-
ауыл шаруашылығы малының сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз шаруашылықтардың сүтін және сүт өнімдерін;
-
тіл, жүректі қоспағанда өнімді мал мен құстың субөнімдерін;
-
механикалық түрде сылынып алынған өнімді малдың етін және құс етін;
-
құс етінен алынған құрамында коллаген бар шикізатты;
-
сойылған өнімді мал мен құстың қайта мұздатылған өнімдерін;
-
генетикалық түрлендірілген шикізаттар және (немесе) құрамында генетикалық түрлендірілген көздер бар шиізаттарды;
-
йодталмаған тұзды және құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаған) жоғарғы және бірінші сұрыпты бидай ұнын пайдалануға жол берілмейді.
ЖОО-ны қоспағанда білім беру объектілерінде тамақ өнімдерін өткізетін автоматтарды орнатуға жол берілмейді.
Жаппай сауықтыру емшарасы ретінде оттегі коктейльдерін өткізуге жол берілмейді.