Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. 2019 жыл 2 қыркүйек
"Құрметті отандастар!
Құрметті депутаттар, үкімет мүшелері!
Баршаңызды жаңа парламенттік маусымның басталуымен құттықтаймын!
Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз.
Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің Тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады.
Осы уақыт ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделдІ әрі орнықты мемлекетке айналды.
Баянды бірлігіміздің арқасында