Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған оқу мемлекеттік тілде жүргізілетін мектебі тарихының бастауы Президенттің 1996 жылы 24-мамырдағы №3002 «Дарынды балаларға арналған мектептерге мемлекеттік қолдау жасап, дамыту туралы» өкімін іс-жүзіне асыру мақсатында Павлодар қаласында облыс әкімінің 1999 жылы 13 тамызындағы шешімі негізінде мектептің ашылу күнінен бастау алады. Жаңа оқу жылына 45 оқушы қабылданып, 3 сынып-комплект ашылды. Оқушылар конкурстық іріктеуден өтіп, 1,2,3 сыныптарға қабылданды. Жаңадан ашылған дарынды балаларға арналған оқу мемлекеттік тілде жүргізілетін мектебінің директоры болып Мұқашева Гүлбаршын Жұмажанқызы сайланды. /1999 – 2007 жж/
Жоғары санатты 4 мұғалім жұмыс істеді. Мектеп директоры Мұқашева Гүлбаршын Жұмажанқызы және бастауыш сынып мұғалімдері:Жарова Тоқмейіл Жайлауқызы, Ақатаева Алма Мәжитқызы, Қабылова Күлкен Қазезқызы.