kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

Буктрейлер

"Павлодар облысы Білім беру басқармасының "Жас дарын" мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп циклограммасына сәйкес әр аптаның жұмасында 5-11-сыныптарда оқушылардың оқыған шығармалары бойынша буктрейлер өткізіліп отырады.  Әр сыныптан аптасына бір рет бір оқушы шығып, оқыған шығармасы бойынша буктрейлер дайындайды.  «Үздік буктрейлер» дайындаған оқушылардың жұмысы мектеп инстаграмында, ютуб каналда жарияланады, 1-қабаттағы теледидар арқылы көрсетіледі.

 

Буктрейлерді жасауға қойылатын талаптар:

Буктрейлер- кез келген әдеби шығармаларды не өнер туындысын интернет технологиялары арқылы  жарнамалап, оқырмандарды кітап оқуға шақыратын, кітап оқуға қызықтыратын  заманауи жанр.

Мақсаты:

Балалардың зияткерлік және рухани қажеттіліктерін , оқырмандық қызығушылық тарын кеңейтуді қамтамасыз ету.

Буктрейлер ролигін жасауға арналған қажетті материалдар:

  • Фото және бейнематериалдар, дыбыстау құралдары.
  • Иллюстрация және музыканы таңдау.
  • Жарнамаланатын шығармадан алынған дәйексөздер.
  • Аңдатпасы бар мұқаба беті.
  • Жұмыс жоспары.

Жұмыс жоспары  4 маңызды бағытты құрайды:

  • буктрейлердің міндеті: сізді қарап  отырған оқырмандардың назарын неге аударғыңыз келеді, оны немен қызықтыра аласыз, қандай эмоцияларды тудырғыңыз келеді және сол кітапты оқуға деген қызығушылығын қалай тудырасыз;
  • Сурет немесе бейнебаян үзінділерінің шығарма идеясымен және қойылған міндеттермен сәйкес келетінін анықтаңыз;
  •  бейнебаян  немесе иллюстративті бейнелер  таңдаған музыкаңызға сай келетінін не келмейтінін тексеріп алыңыз (музыка бейнебаян ішіндегі ақпаратқа, суреттерге сәйкес келуі керек, көрерменнің жағымды қабылдауына әсер етуі қажет);
  • Ролик мәтінін қалай ұсынатыныңызды шешіңіз (слайд түрінде немесе субтитрлермен не боламаса музыка орнына аудиодыбыстау арқылы ма).

Техникалық құралдар:

  • Микрофон және камера- өз бейнебаян-аудиоматериалдарыңызды жасау үшін;
  • Жұмыс бағдарламалары-  (бейнебаян жасауға арналған арнайы бағдарламалар- мысалы, Windows Movie Maker)

Буктрейлер құрудың  ең басты ұстаным-ережелері:

1.Роликтің орташа интервалы-  3-5 минут.

Қалауыңызша уақытын ұзартуға болады, бірақ құрған бейнебаян қатарыңыз логикалық бірізділікпен құрылуы керек.

2.Мүмкіндігінше иллюстрациялардың бірқалыптылығын сақтау: егер салынған иллюстративті суреттер болса- аяғына дейін сол қалыпты сақтау, фотосуреттермен берілсе- аяғына дейін сол қалыпты фотосуреттермен берілуі керек. Сондай-ақ бұл жерде музыка және бейнебаян қатарының стилистикасын сақтау маңызды.

3. Жасаған ролигіңіз көрерменді баурап алатындай  тартымды болуына назар аударыңыз. Бұл үшін тек көз тартарлық суреттер мен иллюстрацияларды ғана емес, сондай-ақ  дәйексөздерді де дұрыс таңдай білгеніңіз жөн.Шығарманы мазмұндап айтып берген дұрыс емес. Егер де көркем ойларыңызды сөзбен жеткізуге қиналсаңыз, шығармадағы өткір дау-дамайды суреттейтін диалогтерден үзінді келтіріп, басты кейіпкерлердің монологін талдап, шығарма желісін жан-жақты пайдаланыңыз.

4.Роликтің сапасы мен қарапайымдылығына назар аударыңыз. Аудиотректеріңіз сапалы, ешбір артық шу естілмейтіндей және дыбыс бір деңгейде болуы керек. Иллюстрацияларда шығармаға қатысы жоқ бөтен суреттер болмауы керек.   

5. Роликтегі таңдаған шрифтеріңіз көңілге қонымды, оқуға ыңғайлы болғанын қадағалаңыз.

6. Авторлық құқық туралы заңды есте ұстаңыз.  Егер басқа авторлардың бейнематериалдарын, аудиотректерін, иллюстрацияларын пайдалансаңыз, алған түпдеректерін немесе сілтемесін жазып, материалды таныстыру мақсатында алғаныңызды       көрсету қажет.