kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32
«Физикалық география- Жер табиғаты жайындағы ғылым.»
04-06-2016 06:36

Физикалық география- Жер табиғаты жайындағы ғылым.

Сабақтың білімділік мақсаты: Өткен «Жаратылыстану» курсы бойынша тірі және өлі табиғат туралы оқушылардың білім қорына сүйене отырып, табиғат денелері мен заңдылықтарын оқып үйрену, табиғат компоненттерінің бір-бірімен байланыстылығын ашып беру. Жер туралы мәліметтердің жиналу тарихына шолу жасау, география ғылымының даму кезеңдеріне, ерте заманғы, қазіргі кездегі географиялық зерттеулерге тоқталу.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау дағдыларын дамыту және өз ойын емін-еркін жеткізуге үйрету.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Туған жерді сүюге, құрметтеуге үйрету, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың түрі : Аралас.

Сабақтың әдісі: Ой қозғау, Венн диаграммасы, бес жолды өлең, бақытты сәт, сұрақ-жауап.

Құрал- жабдықтар: Жарты шарлардың, Қазақстанның физикалық және саяси картасы. Суреттер, кесте.

Пән аралық байланыс: әдебиет, тарих, жаратылыстану пәндері.

Кәсіптік бағдар: Жаратылыстану салалары.