Мектеп-лицейдің 7-сынып оқушысы Жанас Ерсұлтан Астана қаласында өткен Президенттік жаңа жылдық мерекесіне қатысты. Президенттік орталықта ұйымдастырылған Президенттік жаңа жылдық шырша мерекесі ерекше әсерге толы болды.
Дата: 26-12-2025

Іс-шараның құрметті қонағы — Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы. Министрдің балаларға көрсеткен шынайы ықыласы мен жылы лебізі мерекенің мән-маңызын арттыра түсті.
Бұл қуанышты сәттер Ерсұлтанның жадында мәңгі сақталып, болашаққа деген сенімін нығайтып, жаңа жылдық ғажайыптарға деген үмітін күшейтсін!