«Балалар кітапханасы» жобасы аясында 5-6 сынып оқушыларымен Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, айтыскер, ақын, сазгер Тұрғанбек Асығат Сәулетұлымен «ЖЫРМЕН ӨРІЛГЕН ҒҰМЫР» атты әдеби іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – сөз өнерінің құдіретін танытып, жыр арқылы рухани тәрбие беру. Іс-шара барысында ақынның өмір баяны мен шығармашылығы туралы мазмұнды ойлар айтылды. Оқушылар айтыс әлеміне қатысты сұрақтар қойып, Қайкен Нұрислам суырып салма өлең жолын оқып қызығушылық танытты.