Аубакирова Камила мен Туменбаев Алдияр Павлодар радиосы толқынындағы «Білімді ұлт» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысып, «Оқушыдан - оқушыға» жобасы – білімді ұлт қалыптастырудағы ерекше қадам» тақырыбында сұхбаттасты.
Дата: 24-11-2025
Мектеп-лицей оқушылары Аубакирова Камила мен Туменбаев Алдияр Павлодар радиосы толқынындағы «Білімді ұлт» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысып, «Оқушыдан - оқушыға» жобасы – білімді ұлт қалыптастырудағы ерекше қадам» тақырыбында сұхбаттасты.
Жоба барысында Камила мен Алдияр өздерінің қатарластарымен қалай жұмыс істеді?
Қандай сабақтар оқытылды?. Нәтижесі қандай? Камила мен Алдиярдан сабақ алған балалардың оқуға деген қызығушылықтары қалай өзгерді? Жобада ұстаздардың көмегі, қолдауы қандай болды? Сабақ үйрету барысында қандай қызықтар немесе қиындықтар болды? Ол балалармен қазір байланыс бар ма?- деген сұрақтарға жауап бере отырып, өздерінің көзқарастарын білдірді.
Сонымен қатар, болашақ армандары жөнінде қойылған сұрақтарға да жауап берді.