kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

Құрметті ата-аналар, оқушылар! Назар аударыңыздар! 2023 жылдың 1 ақпан - 15 сәуір аралығында «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейіне оқуға түсуге конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау жүргізіледі. 2023-2024 оқу жылына 5-сыныптарға «Жас Дарын» м

Құрметті ата-аналар, оқушылар! Назар аударыңыздар! 2023 жылдың 1 ақпан - 15 сәуір аралығында «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейіне оқуға түсуге конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау жүргізіледі.   2023-2024 оқу жылына 5-сыныптарға «Жас Дарын» м
Дата: 17-01-2023
Құрметті ата-аналар, оқушылар! Назар аударыңыздар!
2023 жылдың 1 ақпан - 15 сәуір аралығында «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейіне оқуға түсуге конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау жүргізіледі.
 
 2023-2024 оқу жылына 5-сыныптарға «Жас Дарын» мектеп-лицейіне бекітілген квота бойынша 72 оқушы қабылданады, оның ішінде 15% мөлшерінде (11 оқушы) төмендегі көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарына бөлінеді:
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын ауылдық жерден шыққан отбасының балалары;
- ата-аналарының біреуі бірінші топтағы мүгедектігі бар отбасының балалары;
- мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар;
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- отбасыларда тұратын жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар;
- экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйінен айырылған отбасыларының;
- мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқарған кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындалу немесе жүзеге асыру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларының балалары жатады.