«Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебі» ММ 6, 8 және 9-сыныптардың бос орындарына конкурстық іріктеуді жариялайды.
Дата: 09-08-2021
Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 19 шілдедегі №289 бұйрығымен бекітілген мамандандырылған Білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес «Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебі» ММ 6, 8 және 9-сыныптардың бос орындарына конкурстық іріктеуді жариялайды.
Емтихандарды өткізу күні мен уақыты: 2021 жылғы 11 тамыз, сағат 10.00 мин.
Өткізу формасы: Қазақ тілі мен математикадан бақылау жұмыстары.
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125.