kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

Сәт сапар, жас түлек!

Сәт сапар, жас түлек!
Дата: 26-05-2021

25 мамыр күні «Сәт сапар, жас түлек!» атты соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиын барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып ашық алаңда өткізілді. Мектеп директоры Г.С.Жанғазы мектеп түлектерін, ата-аналарын және ұстаздарды құттықтап, терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларына сәттілік  тіледі.
Мерекеміздің сыйлы қонағы  «Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар филиалының директоры, филология ғылымдарының кандидаты 
Роза Дуйсеновна түлектердің алдағы сынақтардан сүрінбей өтіп, өздері армандаған, мақсат еткен жоғары оқу орындарына түсуге тілектес екендігін білдірді.
Мектеп   түлектерінің ішінде 8 алтын белгіге үміткер және 10 үздік аттестатқа үміткер оқушыларымызға сәттілік серік болсын демекпіз.
Білім грантына ие болған оқушыларымыз: 
Амангельдинова Аделя - С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің грант иегері, НАРХОЗ университетеінің грант иегері;
Қаратай Әмір - Назарбаев Университетінің  грант иегері;
Мағзам Ұлан - ПМУ / Павлодар Мемлекеттік Университетінің/  грант иегері,
Назарбаев Университетінің  грант иегері;
Шәкәр Мәдина - Назарбаев Университетінің  грант иегері;
Бахтыбекқызы Аяулым - Назарбаев Университетінің грант иегері;
Жумаханова Дария - FLEX Халықаралық оқушы алмасу бағдарламасы бойынша Америка елінде 1 жылдық оқу грантының иегері;
Сап түзеп  салтанаттың ортасына шақырылған 40 мектеп түлектері және қадірлі ата-аналары   ұстаздарға деген алғыстарын білдіріп, тілектерін айтып, жүрек жарды лебіздерін білдірді.
Қанаттарың талмасын, Жас түлек, сәт сапар дегіміз келеді!