Хабарландыру
Дата: 18-06-2020
Құрметті ата-аналар!
Павлодар облысы мемлекеттік санитарлық бас дәрігері Б. Алиевтің 2020 жылғы 18 маусымда қабылдаған қаулысы негізінде Павлодар қаласында 20 - 21 маусым күндері карантин шараларын күшейтуге байланысты "Жас дарын" мектебіне қабылдау маусымның 22- 23 күндеріне ауыстырылады.
22 маусым күні қазақ тілі және математика пәндерінен, 23 маусым күні ағылшын тілі және логика пәндерінен емтихан өткізіледі. Балалардың санына байланысты емтихан 2 лекпен (поток) ұйымдастырылады. 1 лек (поток) сағат 9.00-11.00-ге дейін. Тіркелу: сағат 8.00-ден 8.45-ке дейін, 2 лек (поток) сағат 13.00-15.00-ге дейін. Тіркелу: сағат 12.00-ден 12.45-ке дейін. Балалар емтиханға қатаң түрде маскамен кіреді. Өздерімен бірге көк сиялы қалам, қарындаш, сызғыш, өшіргіш болуы керек. Аталған заттардан басқа заттарды әкелуге тыйым салынады. Киім үлгісі: еркін.