Қазіргі уақытта педагогтар алдында жаңа міндетті игеру мәселесі тұр. Ол оқу мекемелерін барынша жылдам цифрландыру.
Оқыту үшін Цифрландыру техникасы ΧΧғасырдың 80 жылдарынан бастап қолданыла бастады.
Халық шаруашылығының заманауи салалары интернет-технологияларын, мобильді құрылғылар технологияларын жетік меңгерген және өзінің осы салаларда біліктілігін үнемі жоғарлатуды мақсат етіп алдына қойған мамандарға сұраныс қойып отыр.
Цифрландыру техникасының бір тренді мобильді оқу, қоғамды желілерді оқуда белсенді қолдану.
Цифрландырудың келесі бір түрі химия пәнінде қолданылатын виртуалды лаборатория. Оқу үрдісінде кеңінен қолданылып, оқып үйрететін сипаты бар.
Ютуб-оқушылар арасындағы танымал оқытушы платформа болып табылады. Көптеген педагогтар лекцияларымен, түрлі практикалық тапсырмаларымен бөліседі.
Білім беру саласында педагогтар оқушылармен, ата-аналармен көлемді ақпаратты сақтау жәнее бөлісу үшін басқа да технологиялар кеңінен қолданылады.
Цифрландыру технологияларының көптеген мүмкіндіктеріне қарамастан, бұл технологияны кеңінен, толыққанды қолдану болмай отыр, себебі педагог мамандардың әлі де болса цифрландыру инновациясына кіріге алмауы деп мен ойлаймын. Сондықтан уақыт талабына сай ұстаз болу үшін ақпараттық-коммуникациялық технология біліктілігін көтеру бізге міндет.
Осы мақсаттарға жету жолында өз тәжірибемде интерактивті оқыту құралдарын қолданамын және бұл жұмысқа оқушыларды да тартамын. Бұл қазіргі уақытта білім саласы информацияланған кезде өте маңызды. Ақпаратты-коммуникациялық технологияны оқу үрдісін ұйымдастыруда қолдану көптеген жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Оқу мазмұнын қызықты, тартымды, эмоциялық жағынан жағымды етеді. Материалды меңгеру сапасын жоғарылатады.
Солардың бірі мен өз тәжірибемде ұнатып қолданатын Kahoot, Plickers қосымшалары.
Пликерспен жұмыс істеген уақытта беретін мүмкіндіктері:
Plikers қолданған кезде QR –код, планшет немесе смартфон, компьютер байланыста қолданылады.
Бүгінгі тәуелсіз еліміздің болашағы мектеп қабырғасында тәрбиеленіп, ауқымды жан-жақты білім нәрімен сусындаған жас ұрпаққа байланысты. Ұрпақ үшін ақпараттық технология, компьютер де - әлем танудың маңызды құралы. Сондықтан сабақтарда ақпараттық технология құралдарын қолдану – бүгінгі күнде кезек күттірмейтін өзекті мәселе.
«Жас дарын» мамандандырылған мектебінің
химия пәні мұғалімі: Абдрахманова Ф.Е.