2017 жылғы 12-23 шілде күндері аралығында Қазақстан құрама командасы Рио-де Жанейро қаласында (Бразилия) өткізілген математика пәні бойынша 58-ші халықаралық олимпиадаға қатысты.
Олимпиадаға 111 елден, барлығы 615 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль мен құрмет грамотасын иеленіп, жалпы есепте 25-ші орында.
Алтын медальді үш дүркін Республикалық олимпиадалар жеңімпазы біздің мектебіміздің 11-сынып оқушысы Мохаммед-Али Амир жеңіп алды.
Амир 2016 жылы Қытай Халық Республикасының Гонконг қаласында өткен 57-ші халықаралық математикалық олимпиадасының «Алтын медаль» иегері. Аталған халықаралық доданың 3 дүркін жеңімпазы болсам деген арманына қол жеткізу үшін Амирге енді 1 белес қалды.
2016-2017 оқу жылында өткен Жаутықов атындағы олимпиадасының «Алтын медаль» иегері, «Жібек жолы» Халықаралық олимпиадасының 2-орын, Мяньян қаласында (Қытай Халық Республикасы) өткен математикадан Батыс-Қытай Халықаралық олимпиада «Күміс медаль» иегері, тағы да басқа республикалық, халықаралық математикалық олимпиадалардың жеңімпазы, жүлдегері.
2 мәрте ҚБТУ университеті грант сертификатының , Аль-Фараби университеті грантының сертификат иегері.