kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

Математика пәні бойынша 58-ші халықаралық олимпиада

Математика пәні бойынша 58-ші халықаралық олимпиада
Дата: 01-08-2017

2017 жылғы 12-23 шілде күндері аралығында Қазақстан құрама командасы Рио-де Жанейро қаласында (Бразилия) өткізілген математика пәні бойынша 58-ші халықаралық олимпиадаға қатысты.

Олимпиадаға  111 елден, барлығы  615 оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы  1 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль мен  құрмет грамотасын иеленіп, жалпы есепте 25-ші орында.

Алтын медальді үш дүркін Республикалық олимпиадалар жеңімпазы біздің мектебіміздің 11-сынып оқушысы Мохаммед-Али Амир  жеңіп алды.

Амир 2016 жылы Қытай Халық Республикасының Гонконг қаласында өткен 57-ші халықаралық  математикалық олимпиадасының «Алтын медаль»  иегері. Аталған халықаралық доданың 3 дүркін жеңімпазы болсам деген арманына қол жеткізу үшін Амирге енді 1 белес қалды. 

2016-2017 оқу жылында өткен Жаутықов атындағы олимпиадасының  «Алтын медаль» иегері, «Жібек жолы» Халықаралық олимпиадасының 2-орын, Мяньян қаласында (Қытай Халық Республикасы) өткен математикадан Батыс-Қытай  Халықаралық олимпиада «Күміс медаль» иегері, тағы да басқа республикалық, халықаралық математикалық олимпиадалардың жеңімпазы, жүлдегері. 

2 мәрте ҚБТУ университеті грант  сертификатының ,  Аль-Фараби университеті грантының сертификат иегері.