Мықты екенін тағы бір мәрте дәлелдеді!
Дата: 17-01-2017
Олимпиадада 17 елден келген 59 құрама (390 қатысушы) бағын сынады. Олар - Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Әзірбайжан, Грузия, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Болгария, Румыния, Сербия, Үндістан, Индонезия және Монғолиядан келген білімпаздар. 35 қатысушы алтыннан алқа тақты. Оның 7-уі қазақстандық. 63 үміткер күміс медальға ие болды (18-і қазақстандық). 85 талаптыға қола алқа бұйырды (25-і қазақстандық).