kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

5-6 сынып оқушыларына арналған облыстық кешенді олимпиадасы

5-6 сынып оқушыларына арналған облыстық кешенді олимпиадасы
Дата: 25-11-2016

Дарынды балаларға арналған облыстық көп салалы лицей-интернатында 2016 жылғы 24 қараша күні 5-6 сынып оқушылары арасындағы V облыстық кешенді олимпиадасы өтті. 

Оқушылардың математикалық және жаратылыстану ғылыми дағдыларын тексеру мақсатында кешенді және құрылымдық тапсырмалар орындалды. Әр бағыт тапсырмаларының мәтіндерінің мазмұны түрлі сұрақтарды қамтыды, сондықтан балалардың әр пән бойынша білімдерін ұштастыруды талап етті. Мұндай тапсырмалар олимпиаданың талаптарына сәйкес оқушылардың өздігінен  жұмыс істеулерін, жан-жақты ізденістерін, сынтұрғыдан ойлауларын және мәтінмен жұмыс жасауларын қалыптастырады.

«Жас дарын» мамандандырылған мектебінің оқушысы Авид Елдос, Шарипова Нагимаш, Жақсылық  Нұршат, Ишмурдинова Лаура, Нұрланов Ернұр ІІІ - орын, Темирзинова Мерей, Абай Диана, Жанахметов Ансар ІІ - орынға ие болды.