kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

Назарбаев Университетінің өкілдерімен өткен кездесу

Назарбаев Университетінің өкілдерімен өткен кездесу
Дата: 10-11-2016
Бүгін, яғни, 10 қараша күні мектебімізге Назарбаев университетінің өкілдері келіп, оқушыларға университет өмірі туралы мәлімет берді. Талапкерлерге қойылатын талаптар мен емтихандар, университеттегі қарастырылған жеңілдіктер, факультетер туралы толық қанды түсіндірілді. 
Талапкерлер университет алдындағы дайындық бағдарламасына түсу үшін тапсырылатын емтихандарға тіркелу онлайн сауалнамасын толтырулары қажет. Назарбаев университетіне қабылдану мына кезеңдерден тұрады:
I. British Council English Proficiency Test (BCEPT);
BCEPT емтиханына British Council (Британдық кеңес) әкімшілік етеді. Аталған BCEPT емтиханын тапсыру үшін талапкерлерде өздерімен бірге мынадай құжаттары болуы керек:
а. Жеке куәлік немесе паспорт түпнұсқасы (көшірмелер қабылданбайды);
ә. Білім беру ұйымы директорының (деканының) қолы мен мөрі бар орташа балы 4.0-ден кем емес ағымдағы жыл ішіндегі соңғы екі тоқсанды қамтитын табельдің немесе сынақ кітапшасының көшірмесі.
II. Ағылшын тілінде өткізілетін Subject Entrance Test (SET) (Пәндік тест);
BCEPT емтиханынан өткен талапкерлер University College London (UCL) өткізетін Subject Entrance Test (SET)-ке шақырылады.
Мектеп таңдауына байланысты үмтікерлер төменде көрсетілген пәндер бойынша сынақтан өтеді:
Жалпы пәндік емтиханнан өту баллы 50% (минимум), ал әрбір пән бойынша 43%-дан кем болмауы тиіс.
Инженерия мектебі (екі жұптың біреуі) - Математика және физика/Химия және биология
Ғылым және Технологиялар мектебі (екі жұптың біреуі) - Математика және физика/Химия және биология
Премедицина бағдарламасы - Химия және биология
Гуманитарлық және Әлеуметтік ғылымдар мектебі - Сыни ойлау және математика
III. IELTS емтиханы
Ресми және мерзімі бойынша жарамды TOEFL(PBT/ iBT) немесе IELTS сертификаттары бар талапкерлер IELTS емтиханынан босатылады.
TOEFL (PBT/iBT) және IELTS емтихандарының ең төменгі өту балдары:
Инженерия, Ғылым және Технологиялар мектептері мен Премедицина бағдарламасы үшін: TOEFL(pbt) - 530, TOEFL(ibt) - 71; IELTS - 5.5
Гуманитарлық және Әлеуметтік ғылымдар мектебі үшін: TOEFL(pbt) - 550, TOEFL(ibt) - 79-80; IELTS - 6.0