2016 жылғы 5-6 қараша күндері Алматы қаласында өткен IV Халықаралық математика, физика, информатика мұғалімдерінің шығармашылық конкурсында Павлодар облысының құрамасы жалпы командалық І орынға ие болды. Команда мүшесі "Жас дарын" мамандандырылған мектебінің математика пәнінің мұғалімі Текенов Арыстан Анатольевич І орынға ие болды. Ғылымдардың патшасы математиканы бағындыру – адамзат баласында жүз мыңның біріне ғана берілетін ерекше қабілет, соны дарындылық. Мұндай дарын иесі болу - дарын атаулының ішіндегі мұзарт шыңы, жаратқанның ерекше нығыметіне бөлену деген сөз. Математик - жан айналасына ой-сананың кермет қырларын танытатын ғажап тұлға. Осы аталған мәртебелі істің бүкіл қасиеттері сіздің бойыңыздан табылады.
Сізді Халықаралық шығармашылық байқауда І орынға ие болуыңызбен шын жүректен құттықтай отыра, жоғары кәсіптік деңгейіңіз, табысты еңбегіңіз, шынайы шеберлігіңіз, оқушы зердесіне терең, сапалы білім – білік дағдыларын дарытып, білімнің асқар шыңына жетелеп жүргеніңіз үшін алғыс айтамыз.Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, бақытты да ұзақ өмір тілейміз.