kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

Тағы да үздік шықты...

Тағы да үздік шықты...
Дата: 07-11-2016

2016 жылғы 5-6 қараша күндері Алматы қаласында өткен IV Халықаралық математика, физика, информатика мұғалімдерінің шығармашылық конкурсында Павлодар облысының құрамасы жалпы командалық  І орынға ие болды. Команда мүшесі "Жас дарын" мамандандырылған мектебінің математика пәнінің мұғалімі Текенов Арыстан Анатольевич І орынға ие болды. Ғылымдардың патшасы математиканы бағындыру – адамзат баласында  жүз мыңның біріне ғана берілетін ерекше қабілет, соны дарындылық.   Мұндай дарын иесі болу - дарын атаулының ішіндегі мұзарт шыңы, жаратқанның ерекше нығыметіне бөлену деген сөз. Математик - жан  айналасына ой-сананың кермет қырларын танытатын ғажап тұлға.  Осы аталған мәртебелі істің бүкіл қасиеттері сіздің бойыңыздан табылады.

 

Сізді  Халықаралық шығармашылық байқауда  І орынға ие болуыңызбен шын жүректен құттықтай отыра, жоғары кәсіптік деңгейіңіз, табысты еңбегіңіз, шынайы шеберлігіңіз, оқушы зердесіне терең, сапалы білім – білік дағдыларын дарытып, білімнің асқар шыңына жетелеп жүргеніңіз үшін алғыс айтамыз.Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, бақытты да ұзақ өмір тілейміз.