Қазақстанның әр өңірінен есепті шешімкедей шағатын 8-9 сынып оқушылары Қарағанды қаласына өткен жас математиктер байқауына қатысты. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және қазақтың тұңғыш математик-профессоры Әлімхан Ермековтің 125 жылдық мерейтойына арналған республикалық шараға 115 оқушы қатысты. Солардың ішінде облыс намысын қоғап, жүлдеге ие болған Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 8 «М» сыныбының оқушылары Абдығалиев Жандос – 1 орын, Авид Арайлым – 3 орынға ие болды. Жеңімпаздарды және пән мұғалімі Катепбай Айна мен тренер Текенов Арыстан Анатолийұлына алғыс білдіреміз.