Павлодар қаласының "Жас дарын" мамандандырылған мектебінің математика пәнінің мұғалімі Байсарин Ертас Мәдениетұлы Астана қаласында өткен "Үздік ұстаз-2016" республикалық байқауының жеңімпазы атанды. Жыл сайын өткізілетін бұл додаға биылғы жылы 5620 ұстаздан өтініш түскен. ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева соңғы финалға шыққан 48 ұстазға "Үздік ұстаз" төсбелгісі мен ескерткіш сыйлық, 2 млн теңге көлемінде сыйақы табыс еткен.
Ертас Мәдениетұлын мектеп ұжымы және оқушылардың атынан құттықтаймыз! Еңбегіңіз жемісті болсын!