1 қыркүйек - Білім күніне орай Павлодар қаласының "Жас дарын" мамандандырылған мектебінде алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Жиынның құрметті қонақтары Павлодар облысы әкімінің орынбасары Тұрғанов Дүйсенбай Нұрбайұлы, Аймақтық "Ертіс дарыны" ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Тұрсынов Ғаждембек Қуанышұлы және мектеп директоры Хасанова Сәуле Төлегенқызы оқушылар мен мектеп ұжымын мерекемен құттықтап, оқу жылына сәттілік тіледі.