Құрметті Сауле Толегеновна!
Сізді және мектеп ұжымын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы атынан 2015-2016 оқу жылында мектеп бітірген шәкірттеріңіздің өздерінің білім деңгейлері мен қабілеттерін танытар кезең - Ұлттық бірыңғай тестілеуде қол жеткізген жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздің мектеп 10 үздік мамандандырылған білім беру ұйымдарының тізіміне енді. Бұл Сіздердің өркениетті еліміздің білімді де, білікті ұрпақтарын тәрбиелеудегі еңбектеріңіздің жемісі.
Жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту ісіне қосып отырған мектеп ұжымының үлесі мен шәкірттердің білімін жоғары бағалай отырып, осы бағытта асар асуларыңыз биік, істеріңіз ілгері, мәртебелеріңіз жоғары болуына тілектеспін!
Директор Ш. Қирабаева