2016 жылдың мамыр айының 25-де "Соңғы қоңырау" мерекесі өтті. Мерекенің басында Қазақстан Республикасыныңтуы енгізіліп, ән ұранымызды орындап, алтын ұямыздың директоры С.Т.Хасанова оқушыларға және 11 сынып түлектеріне жылы лебізін білдіріп, келесі сөз тізгінін өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының басшысы Ғ.Қ.Турсуновқа берілді, өзінің құттықтау сөзімен, жүрекке жылу тиетіндей ыстық лебізін білдірді. Мереке ары қарай биші, әнші өнерлі шәкірттерімен жалғасын тапты. Соңында 11 сынып оқушылары арнайы дайындаған флешмобын биледі.