2013 жылдың желтоқсан айының 14 жұлдызында «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде Республикалық қоғамдық бірлестігі «Бірынғай «Жас ұлан» балалар мен жас өспірімдер ұйымына» қабылдау рәсімі өтті.
«Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты оқушылардың қоғамдық әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалып, балалар өз өнерлерін көрсетті. Шара 5 «Ә» сынып оқушысы Қасым Айшаның «Айгөлек» әнін орындауымен аяқталды.