kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

Мектебімізде Облыстық білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Инновациялар, шығармашылық,тәжірибе» тақырыбында аймақтық семинар өткізілді

Мектебімізде      Облыстық білім беру ұйымдарының  басшыларына арналған «Инновациялар, шығармашылық,тәжірибе»       тақырыбында аймақтық  семинар  өткізілді
Дата: 22-10-2013

Мектебімізде    

Облыстық білім беру ұйымдарының  басшыларына

арналған «Инновациялар, шығармашылық,тәжірибе»   

   тақырыбында аймақтық  семинар  өткізілді

 

           Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары арасындағы аймақтық серіктестік шеңберінде облысымыздың білім беру басқармасы басқа аймақтағы  білім беру саласы өкілдерін шақырумен кезекті іс-шара өткізеді.

          2013 жылғы 17 қазан күні  Павлодар облысының білім басқармасы Семей қаласының мектеп директорларының қатысуымен аймақтық семинар өткізеді.

          Семинардың мақсаты – Павлодар облысы білім беру мекемелерінің жұмыс тәжірибесін  тарату.

          Семинарға қатысушылар «Ертіс  дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы,  Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы, Павлодар қаласының балалар шығармашылығы мен бос уақытын  қамту орталығының жұмыс жүйесімен танысады.

          Семинарда №8 лицей-мектебі мен  мамандандырылған «Жас дарын» мектептерінің НЗМ тәжірибесін тарату бойынша жұмыстары көрсетілді.

          Сонымен қатар бейіндік оқыту жағдайында тұлға құзыреттілігін қалыптастыру (№9 мектеп-гимназия),  экологиялық білім беру және «Мектептер – болашақтың серіктестері» халықаралық      PASCH  жобасына қатысу  (№36 ЖОМ), оқу-тәрбие үдерісінің сапасын қамтамасыз ету жағдайында менеджмент тиімділігін арттыру (№25 ЖОМ), сыртқы қорытынды тексеруге дайындық (№29 ЖОМ), көптілді білім беру(№39 ЖОМ)  бойынша жұмыс тәжірибелері ұсынылды.

         Білім беру ұйымдарының басшыларына арналған семинар педагогтардың  білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелері  бойынша тығыз қарым-қатынас жасауының бастамасы болмақшы.