Бүгінгі технология қарыштап дамыған заманда, компьютердің кереметтері күн сайын адамзатты таңғалдыруда. Дегенмен, ұрпақ болашағын ойлаған әрбір ата-ана оның өз баласының өміріне тигізер кері зардаптарынан сақтандыруға тиіс.
Осыған орай лицейімізде "Ғаламтордың пайдасы мен зияны" тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Оқушылардың химия пәнінен алған білім деңгейін байқау және оларды тез ойлануға, алғырлыққа, тапқырлыққа, ізденуге баулу мақсатында 8-сынып оқушылары арасында "Жас химиктер" викторинасы өтті.
Павлодар облысы әкімінің кубогына облыстық дарынды мектеп оқушылары арасында өткізілген облыстық "Пікірсайыс алаңы" турнирында лицей командасы Сұртай Аяжан мен Қадархан Дильназ 2-орынды иеленді. Құттықтаймыз!
2022жылдың 30 қараша күні С.Торайғыров Униветситеті негізінде жалпы білім беретін пәндер бойынша зерттеу жобаларының облыстық кезеңі өткізілді. Сайыс нәтижесінде 10 оқушы жүлделі орындарға иеленді.
ІІ орында: секция орыс тілі 9 - сынып оқушысы Бақыт А. (жетекшісі Куставлетова А.Б.). ІІІ орында: секция экономика 11- сынып оқушысы Жумкешева М. (жетекшісі Омарова А.У.), се...
Жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында 52-ші қалалық кешенді спартакиада бағдарламасында тоғызқұмалақ жарысы бойынша мектебіміздің командасы 3-орынды, Муканов Алдияр 2-орынды иеленді. Құттықтаймыз!
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Алтынсарин гимназиясының ұйымдастыруымен өткен, ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған квест-ойынына мектебіміздің 6-сынып оқушылары қатысып, жүлделі 2-орынды иеленді.
Мектебімізде өзін өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен "Портфельсіз бір күн" акциясы өтті. Бұл күні біздің мектеп оқушылары өздерінің қиялын және креативтілігін көрсетіп, кәдімгі портфельдің орнына, креативті портфель алып келді.
Акцияның жеңімпаздары тәтті сыйлықтармен марапатталды.