kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

2024 жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында лицейде 32 жоба іске асырылды.

2024 жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында лицейде 32 жоба іске асырылды.
Дата: 30-12-2024
2024 жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында лицейде 32 жоба іске асырылды.
Оның ішінде облыстық деңгейде: «Оқушыдан оқушыға», «АВАСА», «Ботақан», «Creativ Lab» физика-математика орталығы, «Education Lab» аудандармен өзара жұмыс қамтылды.
Мектепішілік жобалар ата-аналар, оқушылар және мұғалімдердің бірлескен жұмысы арқылы іске асылылды. Оның ішінде: «Оқушыдан оқушыға», «Анаға қарап қыз өсер», «Әкелер кеңесі», «БауырсақFEST», «Cooking clab», «Отаныма арнаймын», «I help you», «Рro practical».
Ең үздік жоба - «Оқушыдан оқушыға». Лицейдің 24 оқушысы Кенжекөлдегі отбасылық типтегі балалар ауылының 28 тәрбиеленушісіне қосымша сабақ өткізеді. Осы жоба нәтижесінде 2024 жылы 11 оқушы дарынды балаларға арналған мектеп – интернаттарға оқуға түсті. Тәрбиеленушілердің білім сапасы артты.
Сонымен қатар, «Creative Lab» физика-математика орталығы облыстық деңгейде жыл көлемінде физика, математика, информатика пәндері бойынша семинар, вебинар, коучинг, шебер сыныптар өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті.