22 қазан күні "Ыбырай - қазақ халқының сөнбес шырағы, даланың дара, дана ұстазы" атты мектепаралық Ыбырай оқулары өтті. "Сөз қоржынынан" ақынның кез-келген өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу бөлімінде 7 "а"-сынып оқушысы Бәкен Даниял І орын және 6 "ә"-сынып оқушысы Бауыржан Ақерке ІІІ орынды иеленді. "Сахна шеберлері" тақырып бойынша көрініс әзірлеуде...
Қазан айының 12 күні өткен физика пәнінен жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы бойынша 8-сынып оқушылары Меңдібаев Тұрсынжан мен Билялов Мирас ІІІ орынға ие болды. Жеңістерің құтты болсын!
Мәдина Борисқызы!
Алмагүл Закенқызы!
Жоғары көрсеткіш көрсетулеріңіз сіздердің
талмай еңбек етуіңіздің арқасы деп білеміз.
Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін жастарға
&n...
Сіздерді төл мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен құттықтаймын!
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашанда ерекше. Өйткені, қоғамның басты байлығы – адам болса, сол «адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» дейді дана Абай.
Қазіргі заманда білім деңгейі жоғары ұлт қана жаһанда...
28 қыркүйек күні өткен математика пәнінен оқушылардың облыстық олимпиадасында 8-сынып оқушылары жүлделі орындарға ие болды: Қадыр Ануар 2-орын, Меңдібаев Тұрсынжан, Мұхтарханов Данияр 3-орын, Алкен Айдана 4-орын. Жеңістерін құтты болсын!
Математика пәнінен жасөспірімдер арасындағы облыстық олимпиаданың іріктеу турынан мектептің 15 оқушысы сәтт өтті. 28.09.12 күні өтетін сынақтан жеңіспен оралуларына тілектеспіз.
Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесін тарту мақсатында ҚР педагог қызметкерлерінің үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша (3 айлық) біліктілігін арттыру курсын орыс тілі пәнінің мұғалімі Куставлетова Айгүл Баянқызы және география пәнінің мұғалімі Кайдарова Лаура Сартайқызы сәтті аяқтады.
Мұғалімдердің тамыз-2012 конференциясында оқушылардың білімі мен тәрбиесіне қосқан үлесі үшін Ы.Алтынсарин атындағы төс белгімен "Жас дарын" мектебінің оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Әбдіжүсіпова Батима Халыққызы марапатталды. Құттықтаймыз!
10-сынып оқушысы Ырысбаев Арман Халықаралық "Кенгуру-математика" ойын-сауығында Республика бойынша ең жоғарғы нәтижеге ие болып, Польша еліндегі бағдарлы лагерге жазғы демалыста барып келді.
30- сәуір күні Халықаралық, Республикалық, облыстық деңгейде мектебіміздің атын асқақтатып жүрген «Жас дарын» оқушылары «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылданады.
Олар:
Төлеубаева Фарида (облыстық пән олимпиадасының қазақ тілі пәнінен жүлделі І орын иегері, «Жарқын болашақ» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің олимпиадасынан ІІІ...