kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

« Экономикалық лагерь белсенділері»

« Экономикалық лагерь белсенділері»
Дата: 04-06-2013

2013 жылы 24-31 мамыр арасында Қызылорда қаласындағы «Арай Sunrise» демалыс  лагерінде Халықаралық Junior Achievement Worldwide экономикалық бағдарламалары бойынша V Республикалық экономикалық «Бизнес-Мансап» ауысымына экономика пәні мұғалімі Омарова Асель Уалиденовна және  10-сынып оқушылары  Акижанов Ермек пен Бильтаева Сания қатысып келді. Семинар-тренингте белсенділік танытып, дарынды жастарды тәрбиелеуде үлес қосқаны үшін Асель Уалиденовна  Алғыс Хатпен марапатталды. «Арай Sunrise» демалыс  лагерінде  Акижанов Ермек президент  атанды. «Жастар Жетістігі» бағдарламасы аясында Акижанов Ермек пен Бильтаева Сания медальге ие болды.