«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және
балалардың дарындылығын дамыту орталығының
басшысы А.Л.Мухаметжановаға
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ әкімшілігі мен педагогикалық ұжымы «Павлодар дарыны» БУҚжБДДОсайтына хабарлау және жалпы орта білім беру мектептерінің 4 -сынып оқушыларына арналғанмектептің тұңғыш директоры Г. Ж. Мұқашеваның құрметіне арналған «Ботақан» зияткерлік сайысын мектептердің назарына ұсыну туралы өтініш жасайды.
Қатысушылар: қазақ тілінде оқитын қала мектептерінен 5 оқушыдан құрылған бір команда (капитан + 4қатысушы) 4 - сынып оқушылары.
Өткізу тәртібі:
- Олимпиадаға ұсыныстар 2023 жылдың 30.03.23 дейін қабылданады.
Тіркелу сілтеме бойынша
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdKBwb33BSt9WP06OufUxvzi83H4doGX38BeyKWVuxLre7vRg/viewform?usp=sf_link жүргізіледі.
- І кезең: команда капитандарының онлайн – іріктеуі 4.04.23 жылы сағат 15.00. meet.google.com платформасы арқылы жүргізіледі. Трансляция үшін web камера (ажыратымдылығы HD 720 р кем емес), микрофон қосу қажет. Камера болмаған сәтте трансляция үшін гаджет дайындау қажет (гаджетте meet.google.com қосымшасы болу тиіс). Веб камераны 14.50-тен кеш емес орнату керек.
- Сілтемеmeet.google.com платформасына жетекшінің электронды поштасына жіберіледі. Іріктеу Google форма бойынша өткізіледі. Тапсырмаларды алу сілтемесіmeet.google.com чатына жіберіледі.
- Сілтеме бойынша Goоgle формаға кіріп, тапсырмаларды орындау керек. Сұрақ саны - 20 ( математика, қазақ тілі, жаратылыстану, ағылшын тілі), орындау уақыты 40 минут.
- ІІ кезеңге өткен мектептер тізімі jasdarynpvl.edu.kz сайтында және мектеп Instagram zhasdaryn парақшасында жарияланады.
- ІІ кезең: оффлайн, командалық кезең. Әрбір пән бойынша 2 сұрақ беріледі.Әр тапсырманы орындап болған соң команда мүшелерінің біреуі шешімін әділқазы мүшелеріне ауызша тапсырады. Әр команда мүшесі екіден артық жауап бере алмайды. Орындау уақыты 90 мин.
- ІІІ кезең: оффлайн, жеке сайыс. Әрбір қатысушыдаGoogle аккаунтболуы тиіс. Тапсырмалар жеке оқушылардың смартфоны арқылы орындалады. Қатысушылар 4 пән бойынша 20 тест сұрақтарына жауап береді. Орындау уақыты - 60 мин.
Оффлайн кезеңі 8.04.23 жылы сағат 10.00 басталады.
Өткізу орны: «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі, Астана көшесі 125.
Тіркеу сагат 9.00 - 9.45 дейін.
«Ботақан» зияткерлік сайысыныңережесі хатқа қоса жіберіледі .
Ұйымдастыру комитеті: 140000, Павлодар қ., Астана көшесі 125,
тел . 87071250867.
Мектеп басшысы: Г.С. Жанғазы