kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

Г. Ж. Мұқашеваның құрметіне арналған «Ботақан» зияткерлік сайысының хаты

«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және

балалардың дарындылығын дамыту орталығының

басшысы А.Л.Мухаметжановаға

 

Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ  әкімшілігі мен педагогикалық ұжымы «Павлодар дарыны» БУҚжБДДОсайтына хабарлау және жалпы орта білім беру мектептерінің  4 -сынып оқушыларына арналғанмектептің  тұңғыш директоры  Г. Ж. Мұқашеваның құрметіне арналған «Ботақан» зияткерлік сайысын мектептердің назарына ұсыну туралы өтініш жасайды.

 Қатысушылар: қазақ тілінде оқитын  қала мектептерінен 5 оқушыдан құрылған  бір команда (капитан + 4қатысушы) 4 - сынып оқушылары.

Өткізу тәртібі:

  1. Олимпиадаға ұсыныстар 2023 жылдың 30.03.23 дейін қабылданады.

Тіркелу сілтеме бойынша

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdKBwb33BSt9WP06OufUxvzi83H4doGX38BeyKWVuxLre7vRg/viewform?usp=sf_link жүргізіледі.

 

  1. І кезең: команда капитандарының онлайн – іріктеуі  4.04.23 жылы сағат 15.00. meet.google.com  платформасы арқылы жүргізіледі. Трансляция үшін web камера (ажыратымдылығы HD 720 р кем емес), микрофон қосу қажет. Камера болмаған сәтте трансляция үшін гаджет дайындау қажет (гаджетте meet.google.com қосымшасы болу тиіс).  Веб камераны  14.50-тен кеш емес орнату керек.
  2. Сілтемеmeet.google.com платформасына жетекшінің  электронды поштасына жіберіледі.  Іріктеу Google форма бойынша  өткізіледі. Тапсырмаларды алу сілтемесіmeet.google.com  чатына жіберіледі.
  3. Сілтеме бойынша Goоgle формаға кіріп, тапсырмаларды орындау керек. Сұрақ саны - 20 ( математика, қазақ тілі, жаратылыстану, ағылшын тілі), орындау уақыты  40 минут.
  4. ІІ  кезеңге өткен мектептер  тізімі  jasdarynpvl.edu.kz   сайтында және мектеп Instagram zhasdaryn  парақшасында жарияланады.
  5. ІІ кезең: оффлайн, командалық кезең. Әрбір пән бойынша 2 сұрақ беріледі.Әр тапсырманы орындап болған соң команда мүшелерінің біреуі шешімін әділқазы мүшелеріне ауызша тапсырады. Әр команда мүшесі  екіден артық жауап бере алмайды. Орындау уақыты 90 мин.

 

  1. ІІІ кезең: оффлайн, жеке сайыс.  Әрбір қатысушыдаGoogle аккаунтболуы тиіс.  Тапсырмалар жеке оқушылардың смартфоны арқылы орындалады.  Қатысушылар   4 пән бойынша  20 тест сұрақтарына жауап береді.   Орындау уақыты - 60 мин.

Оффлайн кезеңі  8.04.23 жылы сағат 10.00 басталады.

Өткізу орны: «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі,  Астана көшесі 125.

Тіркеу сагат 9.00 - 9.45 дейін.

«Ботақан» зияткерлік сайысыныңережесі  хатқа қоса жіберіледі .

Ұйымдастыру комитеті: 140000, Павлодар қ., Астана көшесі 125,

тел . 87071250867.

 

 

 

Мектеп басшысы:              Г.С. Жанғазы