«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», - деген Абай атамыз.Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес. Дарынды, жас талапты жастар-бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы.Озық ойлы білімдар адамдар заманның дамуына өз үлесін қосады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев:«Бізге керегі-шын дарындылар. Нарық қол аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын,тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,-деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген. Сондай жастардың бірі - Махамбет Жамиля. Ол 2021 жылы жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының облыстық кезеңінің 2-орын иегері.