«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім,ар,мінез, деген қасиеттерімен озады»деген Абай.Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес.Озық ойлы білімдар адамдар заманның дамуына өз үлесін қосады.Дарынды,жас талапты жастар-бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы.Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаев:«Бізге керегі-шын дарындылар. Нарық қол аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын,тарланбоз жүйріктерін қолдауға,қорғауға міндетті»,-дегендей, сол тарланбоз жүйріктеріміздің бірі – Сәкен Нұралі.
Нұралі 2019 жылы Халықаралық математикалық "Зерде" олимпиадасының 3 - орын, В.П.Никитенко атындағы олимпиаданың 3 - орын, оқушылар зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары «Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңі 2- орын, «Кенгуру-математика» халықаралық интеллектуалдық турнирінің 2 - орын, 2021жылы
Х облыстық жасөспірімдер олимпиадасының 3 - орын иегері.