Егеменді елдің ертеңі оқу білімінің тереңдігімен өлшенеді. Күнделікті өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз, үздіксіз дамытуды талап етеді. Қоғамдық-әлеуметтік сұранымға сай білімді де білікті, бәсекеге қабілетті оқушылардың бірі - Нұрғиса Фарида. Фариданың қазақ тілі, әдебиет, тарих пәндеріне қызығушылығы өте жоғары. Ол 2019жылы «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» конкурсының 3 -орын иегері. 2020жылы «Жас экорепортер» облыстық экологиялық байқауының 3 -орын, 2021жылы "Менің кіші Отаным" республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңінің 2 -орын иегері.