kz en
"Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

Макаров Мүслім

М.Жұмабаев: «Жаратылыстың құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». «…Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы – қазақ баласы қиялқұмар болуға тисті». –деген екен. «Бала кезден болдым да ақынжанды, Жаным жақсы көреді ақындарды» деген өлең жолдары біздің  ұшқыр қиялды, ұтқыр ойлы, өнегесі өлеңмен өрілген ақынжанды жан- Макаров Мүслім   жайында айтылса керек. Мүслім - 2019 жылы VII облыстық "Мағжан оқулары" 2 - орын, облыстық "Жамбыл оқулары " сайысының 2 -орын, 2020 жылы VIII облыстық "Мағжан оқулары" 2 - орын, «Мәшһүр-Жүсіп оқулары»   конкурсының 3- орын, облыстық "Ақберен" байқауының  3 орын жүлдегері.