«Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін - білім»,-деп Мұхтар Әуезов айтқандай, егеменді елдің келешегі кемел біліммен қаруланған жаңа белбуын ұрпақ қолында. Сондай оқушылардың бірі - 11-«Ә» сынып оқушы Қайролла Жасмин. Жасминнің мәдени өресі биік, жауапкершілігі мол, зерек, болашағынан зор үміт күттіретін дарынды оқушылардың бірі. Ерекше дарындылығының арқасында Жасмин қазіргі таңда жеңіс тұғырынан көрінуде. Атап айтсақ:2019ж. «Кенгуру-математика» халықаралық интеллектуалдық турнирінде 1 - орын, 2020 жыл Республикалық жалпы білім беретін пәндердің қашықтық олимпиадасы: биология 2 - орын, математика 3- орын, химия 1- орын, қазақ тілі 2 – орын, ағылшын 1- орын, тарих 2 -орын, құқық негіздері 2 - орын, 2021 жыл оқушылардың ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі 3 - орын , Республикалық ғылыми жобалар конкурсы 3- орын.