kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

Мектеп ғимараты тарихы

Павлодар қаласының Астанакөшесі 125 құрылысында дарынды балаларға арналған «Жасдарын» мектебі орналасқан.

  Бұл ғимарат 1938 жылы салынған. Осы жерде 1941-1943 жылдар аралығында №2448- эвакуациялық әскери госпиталь орналасып, тарихи құжаттарбойынша 631 жауынгер ем алған екен. 9 қараша1941 госпиталь ашылды. 1941 жылы 93 операция жасап үлгерген. 1942 жылы1998 жаралының 428 жауынгерді қайта әскер қатарына қосқан. 1943 ж 4 маусымында жабылып, Қарағанды емханасына жөнелтілген.

 

Соғыс аяқталып, емдеу орнытаратылғаннан кейін мекеме білім беру ұйымына берілді. Бұл жерде Павлодар қаласының №8 мектебі ашылды. Мектеп қабырғасында 1968-1976 жылдары ҚР Пәкістандағы елшілігінің мәмілегері, кеңесшісі, І  дәрежелі Даңқ орденінің иегері Аубакиров Сапаргали Уктайұлы жәнеде Ауған соғысында интернационалдық борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан ұшқыш капитан Лушин Игорь Владимирович білім алды. Осы азаматтардың құрметіне мектепте естелік тақтайшалар орнатылған.

«Жас дарын»мектебінің тарихы өзінің бастауын Президенттің 1996 жылы 24 мамырдағы №3002 «Дарынды балаларға арналған мектептерге мемлекетік қолдау жасап, дамыту туралы»өкімін жүзеге асыру мақсатында Павлодар қаласында Павлодар облысы әкімінің 1999 жылы13 тамызындағы шешімі негізінде мектептің ашылу күнінен бастау алады. Алғашында мектепМ .М.Катаев атындағы оқушылар сарайында орналасып, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, 2000 жылдың қыркүйек айынан бастап мектеп осы ғимаратқа көшкен болатын. Бастауыш сыныптармен ғана ашылған мектеп бүгінгі күні элитарлық білім беру ордасына айналды.

Республиканың «Ең үздік он мектеп»қатарына енген білім ордасында жоғары санатты, тәжірибелі ұстаздар аянбай қызмет етуде. Ұжым арасында облыс, республика, халықаралық деңгейде үздік нәтижелер көрсетіп, республиканың «Үздік мұғалім»қатарына енген ұстаздарда баршылық.  Мектеп оқушылары облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалардың, түрлі сайыстардың, ғылыми жобалардың жеңімпаздары. Мектеп түлектері ЖОО грант иегерлері, елімізде гана емес, шетелдерде білім алуда. Оқу мен шығармашылық іс-әрекетін тең ұстаған білім мекемесінде түрлі бағыттағы үйірмелер, спорттық секцияларда жүйелі қызмет атқарады.