2021 жылғы 8 сәуірде, Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінде Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының қатысуымен «Елбасы медалі» жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Павлодар облысы бойынша мектептер арасында біздің "Жас дарын" мамандандырылған мектебінен ең көп белсенділік танытып қатысқан және нәтижеге жеткен 11 оқушыны мақтан етеміз!
Аликеева Ясмин 9Ә
Алиханова Айзере 11Ә
Амангельдинова Аделя 11А
Жумагулова Азиза 10Ә
Исамбаева Тамила 11А
Қайролла Жасмин 10Ә
Мейрханов Ерасыл 11Ә
Нургажинова Аружан 9Ә
Смаилова Меруерт 10Б
Суртай Аяжан 8Ә
Шәкәр Мәдина 11А
«Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Өткен жылдан бастап, елімізде төтенше жағдайларға байланысты және пандемия кезіндегі қиыншылықтарға қарамастан оқушыларымыз уақыттарын босқа өткізбей, өздерін жан-жақты дамыту барысында 6 ай бойы жеті бағыт бойынша дағдыларын дамытқан еді- спорт, дарын мен дағды, ұлттық мұра, спорт, еріктілік, туристік жорықтар мен еңбек тәжірбиесі.
Бұл біз үшін үлкен мақтаныш, әрі бағалы жетістік!