Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі КММ
Мектеп асханасы туралы мәліметтер
Мектептің асханасы 80 орындық . Ауданы 96,8 шаршы метр . Тамақ пісіру, азық –түлік сақтау бөлмелері бар. Тамақтанатын оқушылар саны 394. Тегін тамақтанатың оқушылар саны бес (жаппай оқыту қоры есебінен-3, арендатор есебінен-2). Асхана аптасында 5- күн жұмыс істейді. Күнделікті тамақ пен ас мәзірін және оның берілуін мектеп мед бикесі Г.Т.Кошкеева және әлеуметтік педагог Тұрғанбай Ә.О. қадағалайды. Тамақтану бірінші ауысымда 9сағ.-55-13 сағ-45 аралығында кезекші мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің көмегімен жүзеге асырылады. Бір балаға арналған тамақтың құңы 850тг. Мектепте жұмыс жасап отырған асхана санитарлық ереже талапқа сай. Технологиялық құралдармен , тамақ пісіретін қажетті электр плиталары, ыдыс- аяқтар және тоңазытқыштармен қамтылған. Асхананың материалдық – техникалық базасы жақсы деңгейде . Қойма бөлмесі , мұздатқыш жұмыс жасап тұр. Тамақ асханада дайындалады. Асханада бір аспазшы, бір кассир, 1 наубайшы, бір ыдыс жуушы, қызмет етеді. Оқушылардың тамағының нәрлігі мен құрамы талапқа сай болуы үнемі басты назарда. Экологиялық таза ауыз сумен қамтылған. Асхананың жұмыс істеуіне қажетті бұйрықтар шығарылып ыстық тамақпен қамтылған оқушылар тізімі мен тамақтану кестесі жасақталған.
Әлеуметтік педагог Тұрғанбай Ә