Қашықтықтан оқудағы ата-ананың міндеттері
-
Баламен бірге күн режимін жасау;
-
Баланың қолдаушысы, кеңесшісі болу;
-
Сабырлық, шыдамдылық таныту;
-
Жаңа тәжірибені қабылдау;
-
Құрылғылармен қамтамасыз ету;
-
Балаға бағыт беруге көмектесу;
Нені ескеруіңіз қажет:
-
сабақтың басталу уақыты;
-
сабақ кестесі оқушының жұмыс орнына (көрінетін) жақын жерде болуы керек;
-
сабақтар қатаң түрде уақытында өткізіледі (кесте бойынша);
-
компьютер (телефон) толығымен қуатталған болуы тиіс, кешке дайындап қойған жөн;
Балаңыз үшін:
-
арнайы сабақ оқу орны белгіленуі шарт;
-
сабаққа уақытында қосылыңыз (сабақ басталуға 5 минут қалғанда);
-
балалардың жуынып, таранып, ұқыпты киінуі маңызды (жатын киім мен халаттарда емес)
Сабақ өтіп жатқанда:
-
Бөлмеде қатаң тыныштық сақталуы тиіс, сыртқы дыбыстарды өшіруіңіз керек.
-
Сабақ уақытында отбасындағы басқа балалар мен үй жануарларының кедергі келтірмеуін назарда ұстаңыз;
Сабақ өтіп жатқанда:
-
сабақ барысында балалардың бөлмеден шықпауы, орынсыз тамақтанбауы, басқа бөгде заттарға алаңдамауы, онлайн сабақтан шығып кетпеуі назарда болуы керек;
-
егер мұғалім сұрақ қойса, компьютердегі арнайы тетікшені қолданып қолыңызды көтеріп жауап бере аласыз(ZOOM болғанда);
Нұсқауларға назар аударыңыз:
-
оқушы мұғалімнің нұсқауларын қатаң орындауы керек;
-
мұғалімге сұрақтар сабақтың түсіндірмесінен кейін, яғни мұғалім сұраған кезде ғана қойылады;
-
сабақты түсіндіру кезінде ата-аналар мен балаларға чатта жазуға тыйым салынады ( тек дыбыс болмай, естілмей қалған жағдайда ғана рұқсат беріледі);
Ата-аналар назарына:
-
балаға жауап бергенде орнынан тұрудың қажеті жоқ;
-
мұғалімнің рұқсатынсыз суретке, бейнетаспаға түсіруге, жүргізілген сабақты әлеуметтік желілерде жариялауға қатаң тыйым салынады;
-
сабақ барысында ата-аналарға араласуға шектеу қойылады;
-
сабақта оқушының себепсіз қатыспай қалғаны үшін ата-ана жауап береді.
Сіздерден сұрайтынымыз:
-
Балаңыздың аз уақыт онлайн болуын, көп уақытын өз бетімен жұмыс жасауын қадағалаңыз.
-
Үй тапсырмаларын уақытында орындап , мұғаліммен кері байланыста болуын қадағалаңыз.
-
Балаңыздың қосымша тапсырмалар орындауын, әдеби кітаптар оқуын, телеарна сабақтарын уақытында көруін қадағалаңыз.
Балаңызбен бірге:
-
Таңғы жаттығулар жасау;
-
Дұрыс тамақтану;
-
Би ұйымдастыру;
-
Аулада серуендеу;
-
Кітап оқу
-
Бірге фильм көру;
-
Үй шаруасына мөлшерімен тарту;
-
Өлеңдер жаттау;
-
Тәжірибелер жасау;
Елімізде болып жатқан жағдайларға түсінушілікпен қарап, ертеңгі болашағымыз үшін үйден шықпай білім алудабізбен бірге болыңыз…