kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

Қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша ата-аналар мен оқушыларға арналған жадынама

 

Қашықтықтан оқудағы ата-ананың міндеттері

  • Баламен бірге күн режимін жасау;
  • Баланың қолдаушысы, кеңесшісі болу;
  • Сабырлық, шыдамдылық таныту;
  • Жаңа тәжірибені қабылдау;
  • Құрылғылармен қамтамасыз ету;
  • Балаға бағыт беруге көмектесу;

Нені ескеруіңіз қажет:

  • сабақтың басталу уақыты;
  • сабақ кестесі оқушының жұмыс орнына (көрінетін) жақын жерде болуы керек;
  • сабақтар қатаң түрде уақытында өткізіледі (кесте бойынша);
  • компьютер (телефон) толығымен қуатталған болуы тиіс, кешке дайындап қойған жөн;

Балаңыз үшін:

  • арнайы сабақ оқу орны белгіленуі шарт;
  • сабаққа уақытында қосылыңыз (сабақ басталуға 5 минут қалғанда);
  • балалардың жуынып, таранып, ұқыпты киінуі маңызды (жатын киім мен халаттарда емес)

Сабақ өтіп жатқанда:

  • Бөлмеде қатаң тыныштық сақталуы тиіс, сыртқы дыбыстарды өшіруіңіз керек.
  • Сабақ уақытында отбасындағы басқа балалар мен үй жануарларының кедергі келтірмеуін назарда ұстаңыз;

Сабақ өтіп жатқанда:

  • сабақ барысында балалардың бөлмеден шықпауы, орынсыз тамақтанбауы, басқа бөгде заттарға алаңдамауы, онлайн сабақтан шығып кетпеуі назарда болуы керек;
  • егер мұғалім сұрақ қойса, компьютердегі арнайы тетікшені қолданып қолыңызды көтеріп жауап бере аласыз(ZOOM болғанда);

Нұсқауларға назар аударыңыз:

  • оқушы мұғалімнің нұсқауларын қатаң орындауы керек;
  • мұғалімге сұрақтар сабақтың түсіндірмесінен кейін, яғни мұғалім сұраған кезде ғана қойылады;
  • сабақты түсіндіру кезінде ата-аналар мен балаларға чатта жазуға тыйым салынады ( тек дыбыс болмай, естілмей қалған жағдайда ғана рұқсат беріледі);

Ата-аналар назарына:

  • балаға жауап бергенде орнынан тұрудың қажеті жоқ;
  • мұғалімнің рұқсатынсыз суретке, бейнетаспаға түсіруге, жүргізілген сабақты әлеуметтік желілерде жариялауға қатаң тыйым салынады;
  • сабақ барысында ата-аналарға араласуға шектеу қойылады;
  • сабақта оқушының себепсіз қатыспай қалғаны үшін ата-ана жауап береді.

Сіздерден сұрайтынымыз:

  • Балаңыздың аз уақыт онлайн болуын, көп уақытын өз бетімен жұмыс жасауын қадағалаңыз.
  • Үй тапсырмаларын уақытында орындап , мұғаліммен кері байланыста болуын қадағалаңыз.
  • Балаңыздың қосымша тапсырмалар орындауын, әдеби кітаптар оқуын, телеарна сабақтарын уақытында көруін қадағалаңыз.

Балаңызбен бірге:

  • Таңғы жаттығулар жасау;
  • Дұрыс тамақтану;
  • Би ұйымдастыру;
  • Аулада серуендеу;
  • Кітап оқу
  • Бірге фильм көру;
  • Үй шаруасына мөлшерімен тарту;
  • Өлеңдер жаттау;
  • Тәжірибелер жасау;

 

Елімізде болып жатқан жағдайларға түсінушілікпен қарап, ертеңгі болашағымыз үшін үйден шықпай білім алудабізбен бірге болыңыз…