kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

Мұғалімдерге психологиялық кеңес

Мазасыздықты қалай жоюға болатыны туралы ақыл-кеңес:

Өз өміріңізде мазасыздықты мүлде болдырмау үшін үнемі бір нәрсемен айналысу керек. Жұмыс бастылық – жабырқаудың бірден бір емі.

  • Шарасыздықты қабылдаңыз. Егер сіздің жағдайды өзгертуге мүмкіндігіңіз болмаса, онда өзіңізге: «Бұл солай болды, басқаша болуы мүмкін емес» деңіз.
  • Ешқашан қас-жауларыңыздан кек алуға тырыспаңыз, олай болатын болса, сіз өзіңізге одан бетер зиян келтіресіз. Одан да мына ережені ұстаныңыз: өзіңізге ұнамсыз адамдар жайлы ешқашан ойламау.
  • Жан тыныштығы, жау жүректік, денсаулық пен үміт жайлы ойлаңыз. «Біздің өміріміз – біз нені ойласақ, сол». Осыны естен шығармаңыз!
  • Үрей мазасыздықты тудырады. Егер өз үрейлері мен мазасыздықтарын жоя білетін болса, дәрігерлерге жүгінетін пациенттердің 70%-ының өздігінен емделіп кетулеріне мүмкіндіктері бар.
  • Қатал ақиқатты өмірге бейімделуге күйі жоқ, мазасы кеткен және әбден титығына жеткен адам өзін қоршаған ортамен барлық байланысты үзіп, өзі ойдан шығарған әлемге еніп кетеді.
  • Егер қырсық сіздің соңыңызға түсіп, тығырыққа тірейтін болса, онда: «Егер мен өз мәселемді өзім шеше алмайтын болсам, одан өткен жаман бар ма?» деп өз-өзіңізге сұраққойыңыз. Өз ойыңызда шарасыз жағдайға бойұсынған болсаңыз,онда сол тығырықтан шығудың жолын ойша ойластырыңыз.
  • Мазасыздық, өз-өзіне сенбеушілік біздіңөз-өзімізді бағалаумен тығыз байланысты.
  • Адам ең алдымен өзін-өзі сыйлап, өзін-өзі жақсы көруі керек, содан кейін барып басқаларды сыйлап, жақсы көруі керек.

 

Қазіргі біздің заманымыздың, ХХI ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар:

- біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет;

- екіншіден, мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс;

- үшіншіден, мұғалім - білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге, оқушыны баулуға міндетті;

- төртіншіден, мұғалім-педагогикалық ағымда баламен ынтымақтаса қызмет ететін тұлға болу керек;

- бесіншіден, педагог әр уақытта өз білімін толықтырып, шығармашылығын арттыруға міндетті.

Ұлы педагог К.Ушинскийдің сөзімен айтқанда: «Мұғалім -өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген қағидасын жадымызда ұстасақ, мұғалім де тоқыраушылықтан аман болары сөзсіз.