kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

Қ Р Білім және ғылым министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын бекіту туралы 20 қаңтар 2017 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын бекіту туралы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекітілсін. 2. Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернетресурсында жарияласын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Ә. Рахымжановқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Министр Е. Сағадиев Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты 1. Жалпы ереже 1. Осы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік)сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 10 қарашадағыҚазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленген және ұсынымдық сипатқа ие. 2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеуші Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі мен халықаралық ынтымақтастықдепартаменті болып табылады. 3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған қоғамдық қатынастардың ерекшеленген саласына арналған ұсынымдар жүйесін орнатуға бағытталған. 4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеу міндеттері: 1) қоғамдың қатынастардың ерекшеленген саласында жұмыс істейтін адамдардың нақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыру; 2) сыбайлас жемқорлық көріністерінуақытылы анықтау және олардың жағымсыз салдарының алдын алу болып табылады. 5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың қағидаттары: 1) заңдылық; 2) ашықтық; 3) әдептілік; 4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау; 5) мүдделер қақтығысын болдырмау болып табылады. 6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт белгіленген қағидаларды мүлтіксіз сақтауға жәнесыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған қоғамдық қатынастардың ерекшеленген саласында жұмыс істейтін адамдардың әрекеттері мен шешімдерін анықтайды. 7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартың негізіне сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу көзқарасы тұрғысынан: 1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қамтитын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру; 2) өз құзыреті шегінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау; 3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобасын дайындау; 4) тиісті тіршілік әрекеті саласының ерекшелігіне байланысты өзге де қоғамдық маңызы бар қарым-қатынас кезінде лауазымдық міндеттерді орындау бойынша тікелей іс-әрекеттер алынған. 2. Қоғамдық қатысты ерекшеленген салада жұмыс істейтін адамдардың мінез-құлық (іс-әрекет) ережесі 8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қамтитын тиісті салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде: 1) Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын,Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Министр мен Жауапты хатшының бұйрықтарын, сондай-ақ Министрліктің ережесін басшылыққа алу; 2) Қазақстан халқының бірлігі мен еліміздің ұлтаралық келісімдінығайтуға ықпал ету, мемлекетік және басқа де тілдерді, Қазақстан халқының салт-дәстүрлерін құрметтеу; 3) жеке тұлғалармен, заңды тұлғалар өкілдерімен және әріптестермен қарым-қатынас жасауда адал,әділ, қарапайым болу, көпшілік мақұлдаған моральдық-әдептілік нормаларын сақтау, сыпайылық және биязылық таныту; 4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын қабылданған шешімнің айқындылығын қамтамасыз ету; 5) өз әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға ұшырауға, сынның артына түспеуге жол бермеу, өз әрекетінің кемшіліктерін жою және жақсарту үшін конструктивті сынды қолдану; 6) жеке басының мәселесін шешу барысында мемлекеттік органдар, ұйымдар, мемлекеттік қызмет және басқа адамдардың әрекеттеріне ықпал ету үшін қызмет бабынпайдаланбау; 7) шындыққа сәйкес емес мәліметтерді таратпау; 8) заң бойынша тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген қылықтар мен өзге де заң бұзушылықтар жасауға жол бермеу; 9) мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы орындауды қамтамасыз ету, еңбек тәртібі мен шарттарын сақтауды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қамтамасыз ету. 9. Мемлекеттік қызметті және басқа да рұқсат беру қызметтерін көрсету кезінде: 1) тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау; 2) қолжетімді түрде қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық және шынайы ақпарат ұсыну; 3) қарастырылмаған құжаттарды сұратып алуға жол бермеу, мемлекеттік қызмет пен басқа да рұқсат беру функцияларын көрсету барысында әртүрлі әуре-сарсаңнан (салғырттықтан) аулақ болу; 4) сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылыққа итермелеукезінде басшылыққа жеткізу; 5) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде үнемділік пен тиімділік танытып, мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіруді қамтамасыз ету. 10. Лауазымды тұлғаларға тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға байланысты мемлекеттік сатып алуды іске асыру кезінде мыналар ұсынылады: 1) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшалай қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау; 2) Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда мемлекеттік сатып алуды өткізурәсіміне қатысу үшін әлеуетті жеткізушілерге тең мүмкіндіктер ұсыну; 3) мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы менайқындығын қамтамасыз ету; 4) сыбайлас жемқорлық белгілеріне жол бермеу; 5)атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар және Бірыңғай борышкерлер тізіліміне қосылғанәлеуетті жеткізуші және (немесе) оларға тартылатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) ретінде қатысушыға жол бермеу. 11. Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде: 1) қызметтік міндеттерді орындау кезінде мүдделер қақтығысының, жеке бас мүддесінің туындағаны туралы, сыбайлас жемқорлық әрекетінежәне сыйлық алу итермелеу туралы тікелей немесе өз басшысына жеткізу; 2) жеке басының мәселесін шешу барысында мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілердің және басқа да адамдардың әрекеттеріне ықпал ету үшін қызмет бабын пайдаланбау; 3) әріптестерге, басшыларға және өзге делауазымды тұлғаларға сыйлық жасамау және мүліктік пайда немесе артықшылық пайда алу үшін қызметтік өкілеттілікті пайданала отырып қызметтік емес қызмет көрсетпеу; 4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлықсипатындағы заң бұзушылықты ашуға белсенділік таныту; 5) сыбайлас жемқорлық фактілері белгілі болғаны туралы, сондай-ақ қандай да бір материалдарды қарауды жылдамтқаны үшін пайда көруге итермелегені немесе әуре-сарсаңға салғаны туралы басшылыққа жедел түрде жеткізу; 6) атқаруүшін алынған өкімнің заңдылығына күманданған жағдайда бұл туралы тікелей басшыға жазбаша түрде хабарлау; 7) егер мүдделер қақтығысына тікелей басшының өзі қатысты болса, жоғары тұрған басшыға жүгіну; 8) табыс табуға байланысты кәсіпкерлік және өзге де әрекеттерді іске асыруда біреуге көмектесуден бас тарту. 12. Нормативтік құқықтық актілерді дайындау кезінде: 1) нормативтік құқықтық актілер жобасын дайындау мен талықылауда қоғамның, бүкіл ақпараттық құралдардың міндетті түрде қатысуын қамтамасызету; 2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен тұрақты негізде құқықтық актілер монитроингі мен тиісті есептер дайындауды үйлестіруді қамтамасыз ету; 3) әзірленген нормативтік құқықтық актілер жобаларын мүдделі мемлекеттік органдармен келісуге жіберуге дейін көпшілікпен талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілерді интернет-порталға орналастыру; 4) сыбайлас жемқорлық факторлары немесе олардың белгілері бар нормативтік құқықтық актілер нормаларын пайдаланбау. 13. Министрлік қызметшілерін/жұмыскерлерін таңдау мен орналастыру бойынша кадр жұмысын ұйымдастыру кезінде мыналар ұсынылады: 1) тағайындау материалдарын қараудың белгіленген мерзімін сақтау; 2) Министрлікке қызметке/жұмысқа қабылдау кезінде лауазымды тұлғаларға жүктелетін негізі міндеттерді, тыйымдар мен шектеулерді түсіндіру; 3) кадрларды іріктеу барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау; 4) мемлекеттік қызметкерлердің жеке деректері туралы мәліметтерді негізсіз беруге жол бермеу; 5) қызметке/жұмысқа үміткерден еңбек шартын жасауға қатысы жоқ құжаттарды талап етпеу; 6) Министрлік жұмыскерлеріне қатысты қызметтік тексеруді әділ және жан-жақты жүргізу. 14. Тіршілік әрекеті саласына байланысты пайда болған басқа да өзара қатынас барысында: 1) бағынышты лауазымды тұлғалардың міндеттері мен қызметтік өкілеттігінің көлемін нақты және анық белгілеу; 2) бағыныштағы лауазымды тұлғалардың арасындағы еңбек жүктемесін біркелкі бөлмеуге жол бермеу; 3) олардың әрекеттерінің нәтижелерін бағалау барысында, сондай-ақ мадақтау және жаза қолдану кезінде шындық және әділдік таныту, 4) бағынышты жұмыскерді орынсыз айыптауға, дөрекілік факторларына, адамның ар-намысына тиюіне, жөнсіздікке, дөрекі мінезқұлыққа жол бермеу; 5) олардың лауазымдық міндеттерінен тыс немесе орындалмайтын, сондай-ақ заңға қайшы тапсырма бермеу; 6) қызметтен тыс сипаттағы мәселелерді шешу барысында бағыныштылардың әрекеттеріне әсер ету үшін қызмет бабын пайдаланбау; 7) бағыныштыларды сыбайлас жемқорлық заң бұзушылық жасауға итермелемеу; 8) өз лауазымдық міндеттерін орындау барысында әріптестерде туындаған мүдделер қақтығысын реттеу бойынша түбегейлі шараларды өз уақытында қабылдау; 9) мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, автокөлік құралдарын қоса алғанда, мүліктіқызметтік мақсатта ұтымды, тиімді пайдалану.