kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32
«Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының қорытындысы»
20-05-2021 13:22

 

2020-2021 оқу жылы  жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі ағымдағы жылғы 25-30 сәуір аралығында «Ustudy» орталықтарының негізінде өткізілді. Республикалық олимпиадаға Павлодар облысынан  91 оқушы қатысты, оның ішінде 16 оқушы «Жас дарын» мамандандырылған мектебінен.

Олимпиада  қорытындысында  мектеп оқушылары  6 медальға  ие болды:   алтын медаль- Қазақстан тарихы пәнінен 10-сынып оқушысы Ахмади Мағжан   (мұғ.Какабаева А.М. ), француз  тілінен  10-сынып оқушысы Бисмельдинова Карима (мұғ.Батаева Қ.К.). Күміс медельге иеленді  орыс тілінен 10-сынып оқушысы Ғабдолла Ділназ (мұғ.Бегежанова А.Е. ). Қола медальдармен марапатталды математика пәнінен 10-сынып оқушысы Темирзинова  Мерей (мұғ.Текенов А.А.),  орыс тілінен  11 -сынып оқушысы Успанова Анель (мұғ.Куставлетова А.Б.), география пәнінен 10- сынып оқушысы  Жақсылық   Нұршат(мұғ.Кайдарова Л.С.).