Математика пәнінің жоғары санатындағы педагог-зерттеушісі, Павлодар қаласының «Педагогикалық шеберлік орталығының» қосымша тренері Ахшалова Д.К. «Қалыптастырушы бағалау» тақырыбында өткізілген семинар-практикум бойынша ақпарат
2021 жылдың 5 қантарында Павлодар облысының қазақ тілінде беретін математика пәнінің мұғалімдері арасында Ахшалова Д.К.«Қалыптастырушы бағалау» тақырыбында семинар-практикум өткізді. Қатысқан мұғалімдер саны – 106.
Семинар-практикумның мақсаты: Мұғалімдерге «Қалыптастырушы бағалау» тақырыбы бойынша мәлімет беру және оның қаншалықты өзекті екендігін түсіндіру.
Мұғалімдер «Қалыптастырушы бағалау» атты тақырып мәселелеріне зер салып, өз пікірлерін білдірді. Семинар коучинг сынды түрлі форматта өткізілді.