kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32
«2018-2019 оқу жылының Қамқоршылық кеңес отырысының 1 хаттамасы»
20-09-2018 09:29

29.08.2018 ж.

Қатысқан: ата-ана, мектеп әкімшілігі, ұстаздар.

Күн тәртібінде:

1. Қамқоршылық кеңесінің тізімін бекіту. Төрайымын сайлау.

2.Жұмыс жоспары бағыттарын құрастыру.

3.Жаңа оқу жылының ерекшелігін мен мақсатын анықтау.

4. Оқудың жаңартылған мазмұны бойынша сұрақтарды талқылау 

5.«Мектепке жол» акциясына қатысу

6. Мектептің оқу – тәрбие үдерісін  ұйымдастыруда барысында санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелерді сақтау.

7. Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар

 

Алғашқы отырысты  мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары  Г.М.Белгібаева ашып, ата-аналарды, қатысушы ұстаздарды таныстырып өтті. 2018 – 2019 оқу жылының жұмыс бағыттарымен таныстырып өтті. Сонымен қатар, ҚР Білім беру және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары жайлы айтып өтті. Осы бұйрықты жүзеге асыру мақсатында қамқоршылық кеңесінің мүшесі болып 19 ата-ана сайланып, төрайымы болып Исамбаева Гульсюер Гайфуттиновна, көмекшісі есепшісі болып Нурмаканова Асель Мухамеджановна тағайындалды. Келесі сөз ата – аналар комитетінің төрайымы Гульсюер Гайфуттиновна  өткен жылдағы атқарылған іс - шаралар туралы есеп берді. Қамқорлық кеңесінің мүшелері болып сайланды:

1       Алимова Айдын Аманжоловна

2       Елубаева Динара Нуртасовна

3       Ахметова Улпан Умирбековна

4       Шукимбаева Айнур Маратовна

5       Оспанова Алия Калымовна

6       Нурахметова Айнур Сагидоллаевна

7       Шакарова Куляш Уахитовна

8       Жапалбаева Ақмарал Махамбетовна

9       Туртулова Салтанат Буркутбаевна

10     Токушева Динара Канатовна

11     Сарсикеева Анель Касеновна

12     Смайлова Нұргүл Темірғалықызы

13     Нурмаканова Асель Мухамеджановна

14     Сарбасова Лашын Амангельдиновна

15     Фаизова Жанат Ануарбековна

16     Гарифуллина Диана Турусбековна

17     Кенин Рашат Рахметоллович

18     Нургазин

 

Қамқоршылық кеңесінің жұмысы бағыттар бойынша жалғастырылады. Олар:

  1. оқушылар құқықтарының сақталуына, сонымен қатар мектеп шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына бақылау жүргізу;
  2. мектеп жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу;
  3. мектепті дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлеу;
  4. мектепке түскен қаржыны бөлуге қатысу және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдау;
  5. тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына Қамқоршылық кеңестің мектептің жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізу ;
  6. мектеп қызметімен, оқушыларға жасалған жағдайлармен танысады;  
  7. мектеп қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады.

Келесі сұрақ бойынша директордың тәрбие ісінің орынбасары Белгібаева Гүлшекер Манатықызы  Қамқоршылық кеңесінің мүшелерін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар» № 26 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 ақпанда № 13085 болып тіркелді) таныстырды.

Шешім :

  1. 2018-2019 оқу жылында сабақ сағат 8.00. – де басталсын, сабақтар 40 минуттан болсын және сенбі күнгі факультативтер сағат 9.00. ден басталып, мектеп бескіндік оқу аптасына көшсін деген шешім қабылданды.  
  2. Қамқорлық кеңес мүшелері ұсынысты қолдап, әр бағытқа жауапты адамдарға бекітті.
  3. Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындау: 

Ұлдардың мектеп формасы: қара-көк түсті пиджак шалбар, ақ жейде, тоқылған жасыл жилет.  Шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы керек. Қыздардың мектеп формасы: пиджак, юбка, шалбар, ақ блузка, тоқылған жасыл жилет. Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы керек.  Юбканың ұзындығы тізеден түсіп тұруы қажет. Сонымен қатар, мектеп формасына мектептің ерекшелік белгілері: эмблема салып, галстук тағу керек. Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.

  1. «Мектепке жол» акциясы бойынша жаппай оқыту есебінен 20 оқушыға спорт киім, спорттық аяқ киім және кеңсе тауарлары берілсін.

 

Қамқоршылық кеңес төрайымы: Исамбаева Г.Г.

Хатшысы: Алимова А. А.