kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32
«Байланысқан денелер жүйесінің қозғалысын зерттеу»
04-06-2016 05:46

Байланысқан денелер жүйесінің қозғалысын зерттеу

Мақсаты: Байланысқан денелердің қозғалысына Ньютон механикасының заңдарын қолдана білуге үйрену.

Құрал – жабдықтар: Штатив, блок, жүктер жиыны,өлшеуіш лента,секундомер.

Тапсырма: Массалары әр түрлі екі денеден тұратын, блоктан асыра тасталған жіппен байланысқан жүйе қозғалысының үдеуін анықта.

Осы денелердің үдеулерін өлше және есептеу мен эксперимент нәтижелерін салыстыр.

Жұмыстың мазмұны:

Массалары M және M+m екі жүк блоктан асыра тасталған созылмайтын жіппен байланысқан.Үйкеліс күші болмаған жағдайда және блоктың әсері болмаса массасы M жүк Mg ауырлық күші мен T серпімділік күшінің әсерінен a- үдеуімен жоғары, ал M+m жүгі a – үдеуімен төмен қарай қозғалады.

Ньютонның екінші заңы негізінде бірінші жүк үшін мына теңдік орындалады:

Ma=T-Mg     (1)

Екінші жүк үшін

(M+m)a = (M+m)g – T            (2)

M-жүктің массасы;

m- қосымша гірдің массасы;

T-жіптің керілу күші;

g-еркін түсу үдеуі.

(1)   Және (2) теңдеулерден:

(2M+m)a=mg   (3)

a=         (4)

Экспериментте a- үдеуді t уақыт арқылы анықтауға болады.

a=    (5)