kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32
«Текенов Арыстан Анатольевич»
Дәреже: Біздің мақтанышымыз
Текенов Арыстан Анатольевич

Арыстан Анатольевич Текенов "Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін" төсбелгісінің иегері, желтоқсан, 2020 жыл

Ұстаздық жолын 2006-2013 жылдары аралығында Павлодар қаласының Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында математика мұғалімі ретінде бастады. 2013 жылдан бастап «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде қызметін жалғастыруда. Көптеген олимпиада мен сайыстарда жүлделі орындарға ие болып, оқу-білімнің дамуына елеулі үлесін қосқан!

Ұстаз жетістіктері:

  • 2008 жылы мұғалімдер арасында облыстық пән олимпиадасында ІІ орын
  • 2010 жылы мұғалімдер арасында облыстық пән олимпиадасында І орын
  • 2013 жылы «Математика мұғалімдерінің І шығармашылық байқауы» Республикалық сайысында ІІ орын
  • 2013 жылы Республикалық шығармашылық сайысында  ІІ орын
  • 2016 жылы IV Халықаралық математика, физика, информатика мұғалімдерінің шығармашылық конкурсында І орын
  •  2019 жылы XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасы шеңберінде математика, физика және информатика пәндерінің мұғалімдері мен олимпиадалық резерв жаттықтырушыларының Халықаралық ашық шығармашылық байқауында Құрмет грамотасымен марапатталды
  •  2017 жылғы «Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңінде «Жобаның үздік жетекшісі» номинациясы
  • 2018 жылы математика пәні мұғалімдері арасында республикалық деңгейде алғаш рет өткен республикалық «Математикалық регата» олимпиадасында   ІІІ орын

Оқушыларының жетістіктері:

  • 2015 жылы пән олимпиадасында Мохаммед- Али Амир облыста жүлделі І орынды иеленіп, республикада алтын медаль иегері
  • 2015 жылы Мохаммед-Әли Әмір - Республикалық пән олимпиадасының үш дүркін чемпионы, Халықаралық Балкан олимпиадасының «Алтын медалі», Жәутіков олимпиадасының «Алтын медалі»,  «Жібек жолы» олимпиадасының «Алтын» медалі», Тынық мұхит» олимпиада жүлдегері, күміс медаль, Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен 58-ші IMO, Қытай Халық Республикасының Гонконг олимпиадасының «Алтын медалін» қанжығалады,  3 дүркін КБТУ,  Аль-Фараби университеттерінің грант сертификатының иегері
  • 2016-2017 оқу жылы Қарағанды қаласында өткен 1 Республикалық олимпиадада Абдыгалиев Жандос 1 орын, Авид Арайлым-3 орын
  • 2016-2017 оқу жылы Мұхаммед-Али Амир  IMO І орын, Халықаралық Ә.Жаутіков олимпиадасынан І орын
  • 2016-2017 оқу жылы Муратов Ислам республикалық олимпиадада Қола медаль, Ө.Жолдасбеков атындағы Халықаралық ғылыми жобалар конкурсында Қола медаль
  •  Халықаралық Сәтбаев олимпиадасында Абай Диана І орын, Темирзинова Мерей ІІ орын иегері, республикалық ғылыми жобалар сайысында жүлделі ІІІ орын